Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Көбіне тілсіз жаудың шығуы автокөліктің электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан пайда болады. Өзге санақ бойынша көлік ішінде шылым шегудің де қаупі жоғары.
Құрметті автокөлік иелері:
– Автокөліктеріңізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;
– Үнемі оның дұрыс екенін қадағалаңыз, әсіресе электр сымдарға баса назар аударыңыз;
– Өзіңізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құрал болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;
– Практика көрсеткіші бойынша өрт сөндіру кезінде автокөлігіңізге көмірқышқылды өрт сөндіргіш пайдаланған тиімді.
Егер Сіздің автокөлігіңізде өрт болған жағдайда:
– Сол заматта көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, өрт ошағына жақындатып шашыңыз;
– Егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз;
– Жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаңыз, өрт шарықтап кетуі мүмкін;
– Егер көлігіңізден өрт шықса аккумулятордың клемасын ажыратып тастаңыз.
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бақтияр Нұрбол Сағынұлының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау уақыты күнделікті сағат 09.00-11.00 және 15.00-17.00 аралығында, сонымен қатар бөлімде 8/72436/21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.
Ескерту: Орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде «101», «112», 21-2-00 телефондарына хабарласуларыңызды сұрайды.
Ескерту: Орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде «101», «112», 21-2-00 телефондарына хабарласуларыңызды сұрайды.
Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
төтенше жағдайлар бөлімі