Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Көбінесе тілсіз жаудың шығуы автокөліктің электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан пайда болады.
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі автокөлік иелеріне ескертеді:
– Автокөліктеріңізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;
– Үнемі оның дұрыс екенін қадағалаңыз, әсіресе электр сымдарға баса назар аударыңыз;
– Өзіңізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құралы болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;
– Егер Сіздің автокөлігіңізде өрт болған жағдайда көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, өрт ошағына жақындатып шашыңыз;
– Егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз.
– Жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаңыз, өрт шарықтап кетуі мүмкін.
– Егер көлігіңізден өрт шықса акуммулятордың клеммасын ажыратып тастаңыз.
Орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде «101», «112», 21-2-00 және 21-4-94 телефондарына хабарласуларыңызды сұрайды.
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі