Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік жүргізуші назарына!

Көлік жүргізуші назарына!

Бүгінде елімізде халықтың хал-жағдайы түзеліп, бір-бір темір тұлпардың иесі атанып жатыр. Әрине, бәрі де оңай жолмен келмейтіні рас, көптеген уақыт бойы маңдай теріңді төгіп, темір тұлпарға қол жеткізген соң, сол автокөліктің көз алдыңда отқа оранып, әп-сәтте жарамсыз болып немесе түгел өртеніп, көліктен айрылған кезде, өзіңнің де ішіңе шоқ түсіп күйдіретіні анық.
Осы орайда айта кететін бір жай: Сырдария ауданы бойынша 2019 жылы - 25 өрт оқиғасы тіркелсе, соның ішінде 7 өрт оқиғасы автокөлікте болған.
Өрт оқиғаларының себептері төмендегідей: электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан, ашық от (паяльный лампа, факелді) пайдалануынан.
Жоғарыдағы мәліметтерден байқалатындай, көліктегі өрт оқиғалары көп жағдайда электр желілерінің қысқа тұйықталуы салдарынан болады.
Автокөліктің электр жабдықтарының, электр желілерінен ұшқын шығуын болдыртпау үшін, барлық желілерде зақымданбаған, дұрыс изоляциялық қабықтары болуы тиіс. Өрт қауіпсіздігі үшін барлық автокөлік тұрақтарында автокөліктердің арақашықтығы 1 метрден кем болмауы тиіс.
Автокөліктердің өртенуінен сақтану үшін, бәрінен де бұрын, көліктегі өрт қауіпсіздік ережелерін есте сақтаған жөн.
Алғашқы өрт сөндіру жабдықтарын қолдана білу қажет және оны дұрыс күйде ұстап, өртке қатысты қауіпті жағдайларда автокөлікке, оның механизмдеріне отты қолдану кезінде абай болу керек.
Өрт әдетте болмашы түтеуден басталады. Осы кезде оны сөндіру де үлкен қиыншылықты қажет етпейді. Автокөліктер өрт сөндіру құралдарымен міндетті түрде талапқа сай жабдықталып, керек кезінде дұрыс пайдаланып, өрттің әрі қарай өршуіне жол бермеу керек.
Өрт шыққанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101»,«112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып жағдайды, мекен-жайын асықпай толық айту тиіс.
Сонымен қатар, Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде сенім телефоны 8/72436/21-4-94 жұмыс жасайды.

Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
01 маусым 2019 ж. 933 0