Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордалық оқушы бауырларын өрттен құтқарған

Қызылордалық оқушы бауырларын өрттен құтқарған

Жалағаш ауданы, Аққұм ауылының кішкентай тұрғыны Мерей Бақыт көзсіз ерлігімен көпке үлгі болған батыр қыз, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Ол абайсызда тоқ кернеуінің күшею әсерінен үйінде өрт шыққан сәтте өзінен кейінге үш бауырын терезеден шығарып, тілсіз жаудан аман алып қалған. Содан кейін кішкентай батыр қыз көшеге шығып, адамдардан көмек сұраған. Осы кезде ауыл тұрғындары дер кезінде өртті ауыздықтап үлгерді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте батыр қыз БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.

«Мен қазір Аққұм ауылындағы Алдаберген Бисенов атындағы 38 орта мектебінде 2 сыныпта оқимын. Жақында Астана қаласына арнайы шақыртумен барып қайттым. Сол кезде ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кеудеме төсбелгі тағып, мені құттықтады. Өте қуанышты сезімде болдым. Мектептегі ұстаздарым мен сыныптастарымда мені құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Мен өскенде дәрігер болғым келеді. Барлық адамдарды емдеп жазып, мықты дәрігер болуды қалаймын», - деді Мерей Бақыт.
29 желтоқсан 2022 ж. 339 0