Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Жолда сақ болыңыз» акциясы жалғасын тапты

«Жолда сақ болыңыз» акциясы жалғасын тапты

"Батыс Европа-Батыс Қытай" күре жолының Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылдық тұсында ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен жолдың бойында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Жолда сақ болыңыз» акциясы ұйымдастырылды.

Бұл автодәлізде түнгі мезгілде жүргізушілердің жолда ұйықтап кетуі, мал қағу, жылдамдықты асыру кесірінен апатқа ұшырау жағдайлары жиі орын алып келеді.

Акцияда еріктілер ұзақ жолдан шаршап, қалғып келе жатқан жүргізуші мен жолаушыларға ұйқыашар ретінде ыстық кофе мен тәтті тоқаштар үлестіріп, сапарларына сәттілік тіледі.

Жүргізушілер мен жолаушылар акцияны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.

09 қазан 2022 ж. 752 0