Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Түркістанда 800 шаршы метр жиһаз шығаратын шеберхана өртеніп кетті

Түркістанда 800 шаршы метр жиһаз шығаратын шеберхана өртеніп кетті

Түркістанда жиһаз шығаратын шеберхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін күндіз сағат 15:26-да тұтанған. Оқиға орнында жедел штаб тобы құрылып, жұмыс істеуде. Өрт сағат 16:36-да оқшауланды.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен бойда, қоймада жиһаз заттарының өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің көлемі алдын ала болжам бойынша 800 шаршы метрді құраған. Ал, қойманың жалпы ауданы 2300 шаршы метр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» делінген хабарламада.

Жергілікті халық жұмылып, шеберханадағы заттарды сыртқа шығаруға көмектесті. Айта кетейік, шеберхана жеке үйлердің ортасында орналасқандықтан тұрғын үйлерге қауіп туған.
30 қыркүйек 2022 ж. 490 0