Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қарағандыда монша кешені өртенді

Қарағандыда монша кешені өртенді


Қарағандыда Ермеков көшесінің бойындағы Riviera екіқабатты монша кешені өртенді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлайды.
«5 қаңтар күні өртке қарсы қызметке Ермеков көшесі бойында орналасқан екіқабатты ағаш моншаның өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Жалын шамамен 130 шаршы метр аумақты, атап айтқанда шатыр мен сыртқы қабырғаны шарпыған. Өртсөндірушілер 2 адамды эвакуациялады. Тілсіз жау 16:55-те тоқтатылып, 17:10-да толық сөндірілді», - делінген хабарламада.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Оқиға орнына жеке құрамнан 45 адам және 12 техника бірлігі жұмылдырылды.

24.kz
05 қаңтар 2019 ж. 1 112 0