Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
Оқиға 24 қазанда Б.Момышұлы мен Қ.Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған. Оқиға орнында түсірілген суреттер мен видеоларды куәгерлер  сайт редакциясының әлеуметтік желідегі байланыс нөміріне жіберген.
"51-бағытта жүретін автобус өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деді "Астана LRT" компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Науат Азанбаева. "24 қазанда 9.17-да Нұр-Сұлтанда "101" пультіне Б.Момышұлы мен Қ.Сәтбаев көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен уақытта 9.21-д- автобустың артқы бөлігі мен қозғалтқыш бөлігі жанған. Салонда жолаушылар болмаған. Қабылданған шаралар барысында өрт 9.31-де сөндірілді. Өртті сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен екі арнайы техника жұмылдырылды", - деді ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері.
Еске сала кетейік бұған дейін Алматы қаласында да қоғамдық өртке оранған болатын. Зардап шеккендер жоқ.
 

М.ҚОЖАБАЙ
24 қазан 2019 ж. 998 0