Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Шымкентте ағаш сататын базар өртенді

Шымкентте ағаш сататын базар өртенді

Шымкентте ағаш базары өртенді. Жалын сауда нысанының ауласынан шығып, ашық алаңда жиналып тұрған ағаш жанып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама «101» пультіне күндізгі сағат 12:15-те түскен. Қайтпас-2 мөлтек ауданында орналасқан базардың алаңында көлемі 290 шаршы метрге жиналған ағаш отқа оранған. Оқиға орнына жеке құрамынан 51 сөндіруші мен 8 техникасы, қосымша жергілікті атқарушы органдары тарапынан 3 су тасығыш көлігі жұмылдырылған.

«Өрт сағат 12:52-де оқшауланып, сағат 13:42-де толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда» делінген хабарламада.



17 шілде 2020 ж. 824 0