Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мемлекеттен бірреттік көмек берілді

Мемлекеттен бірреттік көмек берілді

Жақында ауданға қарасты  Аманкелді ауылында қыс мезгілінде көп балалы отбасыда төтенше жағдай орын алып, өрт болды. Алла сақтап, балалары аман-есен. Адам шығыны болған жоқ.

Қазіргі таңда зардап шеккен отбасына ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен барынша  қайырымдылық көмектер беріліп жатыр.

Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төтенше жағдай орын алған отбасының тиісті құжаттарын өткізіп, мемлекеттен төленетін 416 700 (төрт жүз он алты мың жеті жүз) теңге бір реттік көмек алып берді.

Жиналған қаржы жаңадан басталатын тұрғын үй құрылысы үшін жұмсалатын болады.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
30 желтоқсан 2020 ж. 625 0