100 отбасыға көмек көрсетті

Қатерлі індетке қарсы күресті күшейтіп, көмекке аса мұқтаж жандарға қол ұшын созуды құптаған қайырымды жандардың арасында облыстық мәслихат депутаты, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Бақдәулет Мақашев та бар. Ірі шаруашылықтарға инвестор болып жүрген кәсіпкер аудандағы 100 отбасыға 1 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Осындай қиын кезеңде аса қажетті азық-түлікті алып беріп, тұрғындарға қуаныш сыйлады. Бұл осындай кезеңде мұқтаж отбасылар үшін зор көмек болды. Азық-түліктер Nur Otan партиясының аудандық филиалы арқылы таратылды.
Ердос БЕРКІНБАЕВ