Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өскеменде трамвай рельстен шығып кетті

Өскеменде трамвай рельстен шығып кетті

Өскемен қаласында трамвай рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға бүгін түс кезінде Қазақстан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, трамвайдың рельстен шығып кетуіне жолды қар басуы себеп болуы ықтимал. Осы ретте «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС көлік жүргізушілерінің трамвай жолдарына шықпауын сұрайды. «Өкінішке қарай, көбісі діттеген жеріне жылдам жету үшін трамвай жолына шығып кетеді. Ал мұндай қар көп жауып жатқан кезде бұл біршама қиындық тудыруы мүмкін», - дейді компания өкілдері.

20 ақпан 2020 ж. 444 0