Түркияда жүрдек пойыз аударылып, қайтыс болған адам саны тоғызға жетті

"Үш машинист пен бес азаматымыз қайтыс болды. Ауруханаға 48 адам жеткізілді, зардап шеккен бір адам қайтыс болды", – деді ол.
Естеріңізге салайық, Анкарадан Конья қаласына шыққан пойыз рельстен шығып кеткен еді. Екі вагон аударылып түсті.