Кейуана немересін құтқарамын деп пойыз астына түсіп көз жұмды
АҚШ-тың Спрингфилд қаласында егде жастағы әйел пойыздың астына түсе жаздаған немересін құтқарамын деп өзі көз жұмды.
Бұл туралы Masslive.com басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
79 жастағы Хильда Фигероа мен 26 жастағы немересі Хильда Санчес дүкен мен ауруханаға барып, үйге қайтып келе жатқан. Оларыдң үйінен 100 метр жерде темір жол бар екен. Жергілікті тұрғындар темір жолды кесіп өтіп жүрген жерде ескерту белгілері жоқ. Фигеора мен Санчес осылайша темір жолды кесіп өтпек болған. Алайда сол кезде пойыз жүйткіп келе жатқан екен.
Жүйткіп келе жатқан пойыз дыбыстық сигнал бермеген. Санчестің сөзінше, пойыз сағатына 160 шақырым жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Осы кезде Фигеора пойызды бірінші болып байқапты.
«Ол мені рельстен итеріп жіберді. Оны бері қарай тартып алмақ болдым. Алайда тым кеш еді», - дейді Санчес.