Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда жүк көлігі ағашқа соғылды

Алматыда жүк көлігі ағашқа соғылды

Алматыда жол апатын болдырмауға тырысқан жүк көлігінің жүргізушісі ағашқа соқтығысты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі СТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Гоголь мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орын алды. Honda CRV жүргізушісінің айтуынша, ол Желтоқсан көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Гоголь көшесіне қарай оңға бұрылмақшы болған. Ал Hyundai жүк көлігі автобус жолағымен қозғалып келе жатқан.
Honda жүргізушісі маневр жасамақшы болғанда, жүк көлігіні байқаған, алайда, соқтығысуды болдырмау мүмкін емес болған. Жүк көлігі Honda автокөлігін оң жағынан соққан да, жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, ағашқа барып соғылған.
Ал жүк көлігінің жүргізушісі мәлімдегендей, ол шеткі оң жақ жолақпен келе жатқан және оның алдында Honda көлігі кетіп бара жатқан. Honda соңғы сәтте ғана тежегішті басқан. Соқтығысудың алдын алмақ болған ол оң жақтағы арнайы жолаққа өарай ығысқанда, Honda иесі де оңға қарай маневр жасайды деп күтпеген. Нәтижесінде екеуі соқтығысқан.
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылғанымен, екі жүргізуші де ауруханаға жатудан бас тартты.

26 тамыз 2018 ж. 925 0