Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тасқынға тас-түйін дайындық төтеп береді

Тасқынға тас-түйін дайындық төтеп береді

Жақында облыс әкімі Қ.Ысқақовтың 2020 жылдың 17 қаңтардағы нұсқаулығына сәйкес аудан көлемінде «Қыс және көктем кезеңінде су тасуының қолайсыз дамуы жағдайындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін жүргізілетін авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.
Облыс деңгейінде жүргізілген оқу-жаттығуға облыстық төтенше жағ­дайлар департаментінің уәкілі, под­пол­ковник Ә.Қуандықов, азаматтық қор­­ғау аға лейтенанты А.Орынбасаров, Жұ­мылдыру және шұғыл жұмыстар ор­талығының шұғыл әрекет ету және ұйым­дастыру бөлімінің басшысы Б.Жун­­дабеков, аудан әкімі аппаратының бас­­шысы Б.Қарсақбаев, жауапты сала бас­­шылары мен мамандары қатысты.
«Сырдариясушар» мекемесінде ау­дандық азаматтық қорғаныс қызмет­терінің басшылары хабарлама жасап, техникалардың қазіргі жай-күйін, жұ­мылдыру дайындығын айтты. Өз ке­зегінде су айдындарының қазіргі таң­дағы ахуалы сараланып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырма берілді. Су тасқыны орын алған жағдайда тұрғын­дарды қауіпсіз жерге көшіру жұмысы пысықталды. Қыс мезгілінде ықтимал төтенше жағдайлардың ал­дын алуды қамтамасыз ете отырып, авариялық-құтқару қызметтері күш құралдарының есебі нақтыланды. Сон­­дай-ақ энергия, газ, жылу, сумен қам­тамасыз ету ресурстары және жол қатынастары жүйелерінің дайындығы да назардан тыс қалмады. Айта кету керек, төтенше жағдай орын алған тұста тұрғындарға құлақтандыру және байланыс жүйесінің істен шықпауын қада­ғалау тапсырылды.
Қазіргі таңда ауданда 30 техника су тасқыны кезінде жұ­мыс жасауға дайын. Ау­­­данда материалдық-тех­­ни­калық қор­ жа­сақ­талған. Онда 3500 дана қап, 30 дана күрек, 500 дана пашын, 700 да­на қа­мыс бау және 200 дана қада жинақталып, «Сыр­дариясушар» өндірістік учас­­кесі мекемесінің қой­масында сақтаулы. Со­нымен қатар 2 тонна бен­­зин және 4 тонна ди­зель отынын қажет бол­ған уақытта алуға «Углесбыт» ЖШС-мен ке­лісім-шарт жасалған.
Оқу-жаттығу бары­сында Тереңөзек кенті тұсындағы Сыр­­дария өзенінің осал аумағында тиіс­ті практикалық жаттығу өткізіліп, ма­ман­дардың жұмы­сын жетілдіру көз­делді. Алдағы уақытта су деңгейінің көтерілуі, дария бойының осал тұстарының кем-кетігін анықтау және оны жою ша­ралары қолға алынады. Бұдан кейін Шаған және Н.Ілия­сов ауылдық округін­дегі №7, №8 эва­куациялық қабылдау пункттерінің, №9, №10 эвакуациялық жинақтау пункттерінің төтен­ше жағ­дайға дайындығы тексе­рілді.

Бибісара ЖАНӘЛІ

01 ақпан 2020 ж. 640 0