СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
Сырдария ауданында ауданның аумақтық қорғаныс ротасының «Қалқан-2018» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өткізілуде.
Диверсиялық актілермен араңдатуларға қарсы қимылды пысықтау, жеке құрамды қабылдау және техникалық қабылдау пункті жұмыстарының дайындығын мен қару жарақты пайдаланудағы іс-құжаттарды тексеру мақсатындағы тактикалық оқу-жаттығуына аудан әкімі Ғ.Қазантаев қатысты.
Тактикалық оқу-жаттығуға қатысушыларға аудан әкімі сәттілік тіледі.
– Тәртіпке бас иген құл болмайды. Тәртіп, әскери дайындық бізге әркез қажет. Оқу-жаттығудың сапалы, нәтижелі аяқталарына сенім мол. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз,-деді аудан басшысы.
Мұнан соң сала басшылары өздеріне тапсырылған жұмыстар жөнінде баяндады.
Оқу-жаттығу барысында ауданның қорғаныс ротасының құрамы сапқа тұрғызылды. Рота құрамы Тереңөзек кентіндегі «Жалын» тынығу лагеріне орналасады деп жоспарлануда.