Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАНЖАППАЙ

ҚАЗАНЖАППАЙ

Паровоздай қою түтін будақтаған ошақ... Оның аузына төңкеріле жабылған қазан... Қара қазанды ернектей басқан қып-қызыл нан... Темір тостағанның түбін айнала шыжғырылған сары майдың мұрын жарар иісі... Айта берсе, көп.  Міне, мұның барлығы балалық шақты еріксіз еске түсіретін қымбат дүниелер. Расында, қазанжаппайдың дәмі ауылда өскен талай жанның таңдайында әлі күнге дейін сақталғаны сөзсіз. Бір өзінде тұтас ауылдың көрінісі ұйысып тұрғандай. Онда шала жанған оттың иісі де, қазақтың дарқан көңіліндей молшылық лебі де есіп тұратындай. Молшылық емей немене? Келген қонаққа ұсынылар бір қазан нанның өзі-ақ үй иесінің жомарттығын аңғартып тұр емес пе?
Үлкен баппен дайындалатын оның қыр-сырын менің анам да жақсы меңгерген. Сондықтан болса керек, біздің үйдің дастарқанынан бұл тағам үзілмейтін. Шаңыраққа келген сыйлы қонаққа да ұсынар анамның бірінші тағамы осы. Ыстық жалын бетке ұратын ошаққа қара қазанды төңкеріп жіберіп, әп-сәтте қып-қызыл нанды дөңгелетіп алатын. Сөйтіп, шыжғырылған сары майға қою сүт құйып, оған қант салып былай да былай шылағанда, ыстық нанның иісі бұрқ ете қалатын. Сырғып аққан судай жылпылдаған сары май нанды одан әрі балқытып, дәмін еселендіре түсуші еді. Қара суға иленген қамыр да осыншалықты дәмді болады екен-ау деп ойлаушы едік. Әйтпесе, ол кезде қазіргідей неше түрлі дәмдеуіштер қайдан болсын? Қайнаған жылы су мен бір шымшым тұз болса жетіп жатыр. Қалғаны аспазшының ептілігі мен шеберлігінің үлесінде.
Шындығында, халқымыздың ұлттық тағамдары – нағыз отандық бренд болуға әбден лайықты ғой. Мәселен, бұл күнде итальяндықтардың пиццасын, жапондардың сушиін, түріктердің донерін білмейтін адам кемде-кем. Ал, өзіміздің қазан­жаппайды ше? Ауыл адамдары немесе көненің көзін көргендер білмесе, қалалық қазақтар, оның ішінде жас­тар одан мүлде бейхабар десек артық айтқандық емес. Керісінше, бүгінде өзбек ағайындардың тандыр нанының саудасы қызып тұр. Осындайда қазақ үшін қадірі ерек қазанжаппай неге ауыл-аймақ айналасынан аса алмай қалды деген ой келеді. Тіпті, кейінгі кезде оны қазақылықтың қаймағын бұзбаған ауыл адамдарының дастарқанынан да сирек кездестіретін болдық. Мәселенің төркіні айналып келгенде өзіміздікінің қадіріне жете алмай, өз дәрежесінде дәріптей алмай отырғанымызда болып отыр. Әйтпесе, табиғи дәмі шетелдің шөп-шалаң қосылған тағамының алдын он орап әкететін қазанжаппайды сүйсіне жейтін қазақ әлі де бар. Тек насихат аз. Қоғамдық тамақтану орындарында ұлттық ас мәзірінен ойып тұрып орын берсек, қазанжаппайдың қадірі қайта жандана түсері сөзсіз. Біздегі тобықтай ой сол ғана.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
05 қыркүйек 2018 ж. 4 959 628

canadian pharmacies that ship to us от 7 мамыр 2020 05:57

online pharmacy от 16 мамыр 2020 16:40

canada pharmacies online от 25 мамыр 2020 20:44

canada drug от 29 мамыр 2020 22:30

canadian pharmacies online от 30 мамыр 2020 02:51

northwestpharmacy от 5 маусым 2020 04:38

northwestpharmacy от 16 маусым 2020 03:16

online pharmacy от 9 шілде 2020 08:41

canadian pharmacies online от 27 шілде 2020 20:26