Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ тіліндегі сұранысқа ие 10 кітап

Қазақ тіліндегі сұранысқа ие 10 кітап


Астана BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 2018 жылда үлкен сұранысқа ие болған қазақ тіліндегі кітаптар тізімі анықталды.

«Адамдар қазіргі таңда кітап оқима?», «Оқыса қандай кітаптар оларды қызықтырады?». «Қандай авторлардың еңбектері жақсы сұранысқа ие?» деген сұрақтардың жауабын «Меломан» сауда желісіне барып сараптама жүргізіп әр түрлі жанрдағы 10 кітапты анықтадық.

Ең бірінші орынға «Бәрі де өз қолыңда» атты Серікбай Бисекеевтің кітабы орналасты. Танымал бизнесмен өзінің жетістікке жетуіне көмектесетін өмірлік ұстанымдарымен бөліседі. Автор оқырмандармен ашық әңгімелеседі, өз өмірі жайында сөз қозғайды, жетістікке жету құпияларымен бөлісіп, жаңа кәсіпкелерге кеңес береді. Бұл кітапты екі тілде де алуға мүмкіндік бар.

Екінші орынға Шоқан Уәлихановтың «Ыстық көлге саяхат күнделігі» атты кітабы орналасты. 22 жасында ол Қашқарияға орыс барлау экспедициясын басқарды. Осы саяхаттағы географиялық, этнографиялық және тілдік материал өмір және көшпелі халықтарының өмірі жайындағы қызықты оқиғаларымен бөліседі.

Үшінші орынға «Мәмлүк» авторы белгілі кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсынов. XIII ғ. Мысырды билеген ас-Захр Бейбарыс жайлы баяндайды. Кітап - автордың Таяу Шығыс елдерінің ерте Ортағасырлық тарихын ұзақ уақыт зерттеуінің нәтижесі. Дәл осы араб әлеміне сынақ болған кезеңде Ұлы Дала ұлы, замандастары Рукн-ад-Дин деп атаған Бейбарсытың өмірі жайында баяндалады. Дін, тарих және өмірге деген көзқкрасы жазылған. Бұл кітап оқырманды өзіндік ой қорытуға, дүниетанымын кеңейтіп, ізденуге итермелейді.

Төртінші орынға Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітап» атты қызықты оқиғалар жиынтығы орналасты. Кітапта белгілі бір тақырып жоқ, бұл өмірдегі кездесетін қызықты оқиғалар, қиындықтардың жиынтығы. Аннотациясында «Қандай кітап екенін білгің келсе, оқып көр» деген жазбаны көрдік. Сондықтан да бұл кітап оқырмандар көңілінен орын тапқан.

Бесінші орынға "Қазақтар. Тарих және мәдениет" XV-XIX ғасырлардағы қазақ дәстүрлі қоғамының тарихы мен мәдениеті туралы жазылған. Басқа тарихи кітаптардан ерекшелігі 1700-ге жуық иллюстрациялар, олардың ішінде 28 көне және сирек карталар бар. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ билеуші элитасының белгісіз портреттері ашылған. Бұл кітапты үш тілде алуға болады.

Алтыншы орынға Кәмшат Бекжігітованің «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт». Автор оқырманға ақыл айтпайды. Ол өзінің басынан кешкен қиындықтарды қалай жеңіп шыққанын баяндайды. Оған не түркі болғанын жеткізеді. Жоқшылықпен күресу мен жалғыздықтан арылудың ең ұтымды жолдарын ұсынады.

Жетінші орынға «Менің екінші кітабым» атты Ләйлә Сұлтанқызының еңбегі. Аннотациясында: «Бұл кітапты жазған ақылы асқан ғұлама ғалым емес, өзіңіздей адам, өзіңіздей әйел екенін ұмытпаңыз. Бұл кітапты өзіне қойылған көптеген сұраққа жауап ретінде жазып отыр деп санаңыз. Айттым ғой, гуру емеспін, сарапшы емеспін. Қолымнан келетіні - көрген-білгеніммен бөлісу, шын жүректен, таза ниетпен бөлісу. Өмірімді, түйгенімді бар күйінде баяндап беру ғана. Оқып шығыңыз. Ұнар, ұнамас... Кейбір кеңестер қажетіңізге жарар. Бетпе-бет тілдескендей болайық деп, әдейі ауызекі сөйлеу стилінде жаздым. Сондықтан сырлас құрбыңыздың күнделігі ретінде қабылдаңыз» делінген.

Сегізінші орынға Рысмендиев Аманжолдың «Кәсіпкерлік құпиясы» орналасты. Кәсіпкерлік құпиясы бизнесті нөлден ашқысы келетін кәсіпкерлер үшін жазылған. Кітап жарнама, маркетинг, сату, клиенттерді ұстап қалу, көшбасшылық және басқару сияқты тақырыптарды ашады.

Тоғызыншы орынға тарихи кітаптардың бірі Болат Жандарбеков «Сақтар» атты жинағы орналасты.

Соңғы орынға Баян Мақсатқызының «Баян. Өзім жайлы ғана емес» атты еңбегі орналасты. Кітапта продюсердің жас кезінен бастап, қазіргі сәтіне дейінгі өмірі баяндалған.
Фотолар: автор
Аягөз Абылқызы
15 қараша 2018 ж. 11 080 855

pharmacy canadian от 28 наурыз 2023 11:54

canadian pharmacies list от 29 наурыз 2023 04:21

canadian drugs pharmacy от 29 наурыз 2023 21:12

canadian pharmacies online от 7 мамыр 2023 23:22

order drugs online от 20 мамыр 2023 18:35

canadian neighbor pharmacy legit от 23 мамыр 2023 16:17

canada drug store от 8 шілде 2023 13:15

diltiazem salbe от 10 шілде 2023 19:21

prasugrel pharmacy от 11 шілде 2023 07:58

cost of sildalist for sale от 11 шілде 2023 10:36

generic levaquin от 12 шілде 2023 18:50

prednisone burst dosing от 12 шілде 2023 22:29

colchique от 13 шілде 2023 04:59