Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шөппен жазылған Құран Кәрім

Шөппен жазылған Құран Кәрім


Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада шөптен жасалған сиямен жазылған Құран Кәрім кітабы сақтаулы тұр.
Бұл кітап 1740 жылы Мысыр шаһарындағы «Фарухи» баспасында қатталған екен. Мұқабасы қоңыр түсті, мал терісімен қапталған, араб тілінде жазылған Құран түсініктемесі 446 беттен тұрады. Бұл құнды жәдігерді кітапхананың ғылыми қызметкерлері экспедиция кезінде тауыпты. – Облыс бойынша 4590 кітапты цифрлы форматқа көшіріп болдық. Оның 2390-ы кітап болса, қалғаны газет-журналдар. Бұл еңбектер өлкетануға қатысты араб, парсы, түрік, шағатай, қазақ, өзбек, орыс тілдеріндегі әдебиеттерден құралған, – дейді Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова. Кітапхана қорында 410 мың дана кітап бар екен. 600-ден астам жәдігердің барлығы электронды форматқа көшіріліпті.
Бақтияр ТАЙЖАН
egemen.kz
29 маусым 2018 ж. 1 579 0