ДЕМАЛУДЫҢ ДА ӨЗ ТӘРТІБІ БАР
Ормандағы өрт көбі адамдардың демалып және жұмыс жүргізіп жүрген кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын бұзуынан орын алады.
Ормандағы өрт арнайы ол үшін арналмаған орындарда тұтатылып сөндірілмеген алаулар, сөндірілмеген сіріңкелер мен темекінің қалдықтары, балалардың бұзықтығынан және найзағай түсуі нәтижесінде орын алады.
Өрт қауіпті кезеңінде орман және дала өртінің өсуі туындайды, көбінесе аумақты қажет емес қалдықтардан тазарту және ауыл шаруашылық жерлерді қажет емес өсімдіктер немесе қалдықтарды жағу жұмыстарын жүргізу барысында орын алады. Ауыл шаруашылық жерлерді және қалдықтарды жағу жұмыстарын жүргізу кезінде тиісті бақылау жүргізілмеуінен, минералданған жолақтарының болмауынан, орман алқаптарына жақын орналасқан өтімді жол бойына анағұрлым алшақтыққа от тарайды, түзелмейтін шығынға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Көбінесе ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшыларымен жүргізілетін бақыланбалы өртеу оттың күшімен күресе алмауы мүмкін, кенеттен қатты дауылды жел көтерілген кезде оның жылдамдығы 20м/с немесе оданда көпке жетеді.
Құрғақ, ыстық және қатты жел кезінде қайда болмасын алау жақпаңыздар. Жалын мен көмірді қараусыз қалдырмаңыздар. Демалыс орнынан кетерде алауға су құйып, құм немесе топырақ сеуіп кетіңіздер. Жанып жатқан қалдықтар мен сіріңкені лақтырмаңыздар.
Орманда өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін, құрылыс маңында қоқыстарды жағу және егінжайларда алаулар жаққандары үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертеміз.
Аудандық төтенше жағдайдар бөлімі