ТАБИҒАТТЫ ӨРТТЕН ҚОРҒАЙЫҚ
Өрт – тілсіз жау. Айтып келмейтін апат табиғи қалыптасқан тепе-теңдікті бұзады, табиғатымыздың таптырмас байлықтарына үлкен зиян келтіреді. Сол себепті қоршаған ортаны тілсіз жаудан қорғау қажет.
Күз айларында ауыл шаруашылық жерлерді өртейді. Соның салдарынан көптеген құс пен жәндіктер отқа күйіп және түтінге тұншығып опат болады. Өрттің салдарынан құстардың жұмыртқа салып, балапан шығаратын ұялары жойылады, тіршілік ету ортасы бұзылады. Өрт кең көлемде таралып, мемлекеттік орман қоры аумағына өткен жағдайда, табиғатымыздың баға жетпес байлығы – ағаштар мен жануарларға үлкен зиян келтіреді. Өсімдіктерді өртеу қураған топырақта пайдалы микроорганизмдердің өмір сүруіне кері әсерін тигізеді. Өртенген топырақ жер қыртысының көшуіне себебін тигізіп, шөлденуіне әкеліп соғады. Өрттің таралуы табиғатқа ғана емес, сонымен қатар елді мекендерге, орман алқаптары мен адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Өрттің түрлі көріністерін болдырмау, алдын алу «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Алайда, әр адамның байлығы – табиғатты қорғау, сақтап қалу, келер ұрпағымызға жеткізу – бір мекеменің жұмысы емес, барлық азаматтардың міндеті. Сондықтан тілсіз жаумен күресте барлық адам жауапкершілікті сезінсе, қоршаған орта қалыпты жағдайда болады. Осыған бәріміз бірдей атсалысуымыз керек. Табиғатты өрттен қорғайық.
Бауыржан КҮЗЕМБАЙ,
аға өрт сөндіруші
аға өрт сөндіруші