Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛБОСЫННЫҢ ШЕБЕРЛІГІ

ҰЛБОСЫННЫҢ ШЕБЕРЛІГІ

Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің жаңа өзгерістеріне сәйкес аудан бойынша 1118 отбасының құжаты қабылданып, 977 отбасына әлеуметтік көмек берілуде. АӘК-ті алушы отбасылардың бірі С. Сейфуллин ауы­­лының тұрғыны Ұлбосын Байтілеуоваға сәуір айында білдірген өтінішіне сәйкес, бір жылға 1452180 теңге тағайындалған. Оған тоқсан сайын 363045 теңге төленуде. Ері Асылхан Әбдірахманов ауылда «С.Сейфуллин Жер» ЖШС-де механизатор болып жұмыс істейді. Ұлбосын Байтілеуова осы қаржыға жеке кәсіпкерлігін ашып, тігін және мақта тазалайтын аппараттарын сатып алды. Ол үйден көрпе-көрпеше тігіп, отбасының материалдық жағдайын жақсарту мақсатында, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау шараларын барынша тиімді пайдалануда. Ұлбосын бүгінде ауыл және аудан тұрғындарының тапсырысына сәйкес көрпе-көрпеше, қыздың жасауларын дайындаумен айналысып, отбасының кіріс көзін ұлғайтуда.

Ержан ЖОРАБЕКОВ,
аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы
30 тамыз 2019 ж. 773 0