Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 170 мың отбасы әлеуметтік көмекті алды

Қазақстанда 170 мың отбасы әлеуметтік көмекті алды

Қазақстанда 170 мың отбасы жаңартылған Атаулы әлеуметтік көмекті алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында 1 сәуірінен бастап жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құжаттар қабылдана басталды. Өтініштерді Жұмыспен қамту орталықтары және ауыл әкімдіктері қабылдады.

Министрліктің мәліметінше, биыл 1 сәуірден 13 мамырға дейін «Е-халық» жүйесі арқылы барлығы 230 032 өтініш (1 242 954 адам) қабылданды, оның ішінде 181 652 (973 624 адам) жаңа өтініш. 48 380 отбасыға (269 330 адам) бұрын тағайындалған сома қайта есептелген.

Өтініш берушілердің басым бөлігі келесі өңірлерден тіркелген: Түркістан облысында - 54 723 отбасы, Шымкент қаласында - 31 084 отбасы, Алматы және Жамбыл облыстарында 24 443 және 24 029 отбасы. Бүгінгі күні 169 770 отбасыға жалпы құны 25,3 млрд теңге болатын жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек төленді.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш беру күніне тәуелді емес екенін еске салады», делінген хабарламада. Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда биыл 1 сәуірден бастап АӘК мөлшері күнкөріс деңгейінің 50%-нан 70%-ына дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, енді әр балаға 20 789 тг. төленеді. 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 130 млрд теңгеден астам қаражат көзделген.

www.inform.kz

13 мамыр 2019 ж. 939 0