Ұрпақ күту – ұлағатты іс

Қазіргі уақытта медицина саласында отбасын жоспарлау денсаулық мектептері қызмет атқарады. Бұл мектептің басты мақсаты – отбасылық жұптарға немесе репродуктивті жастағы тұлғаларға отбасын құруды алдын ала жоспарлауы жатады. Мысалы: жүктілікті жоспарлау, бала күтімі, қажетсіз жүктілікті, бала көтеру уақытының арақашықтығын жоспарлау, ата-ананың жасына байланысты бала көтеру және репродуктивтік денсаулықты қорғау.
Әрбір әйел өз жүктілігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс, бұл оған ана болу және өмірге денсаулығы мықты баланы дүниеге әкелу бақытын сыйлайды.
Г.Жаналиева,
«Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-нің Сырдария ауданы бойынша маманы