Ауызашарға дайындалатын ең тәтті тағамдар қандай?
Ауызашар сәті жақындаған тұста біз көз алдымызға тәтті тағамдарды елестете бастаймыз. Тіпті, кешке қандай дәмді ас даярлайтынымызды да жоспарлап қоямыз. Ендеше, көптен күткен ауызашарда қандай тағам пісірген дұрыс? Бұл сұраққаislam.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жауап береді.
Теологтар кешкі намаз уақытына дейін аз тамақ ішуге, ал дұғадан кейін толыққанды тамақтануға кеңес береді.
Ақ халаттылардың сөзінше, азан оқылғаннан кейін құрма жеген адамның қанын бірден глюкоза толықтырады. Ал су ішкенде ми асқазандағы ауырлыққа жауап беріп, тәбетті тежейді.
Ораза ұстау мұсылманды тек рухани тұрғыда тазартып қана қоймай, денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Бір жыл бойы жүйелі түрде тамақтанудан шаршаған адам ағзасы бұл айда демалады. Осылайша, біздің тәніміз түлеп, жаңара түседі.
Рамазан айында мұсылмандар өз ағзасының қалауын орындау қажет. Бұл уақытта нан мен суды пайдалана берудің қажеті жоқ. Ауызашарға ақуызы көп тағамдарды пайдаланған дұрыс. Көкөніс пен ет, балық, сүт тағамдары да кешкі тағамның мәзіріне кіруі керек.
Кешкі уақытта тәбетпен тамақтану үшін аптаның әр күні түрлі тағамдарды дайындауыңызға болады.
Мысалы:
1. Тартылған еттен даярланған бұрыш
2. Маринадта пісірілген балық
3. Тауық котлеттері
4. Көкөністермен бұқтырылған ет
5. Баклажан мен үрме бұршақ қосылған ет сорпасы
6. Сүзбе пісірмесі
7. Ноқат, жасымық және макарон қосылған бұршақ сорпасы