Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада салмағы 5,4 келі болатын қыз дүниеге келді

Астанада салмағы 5,4 келі болатын қыз дүниеге келді


Елордалық № 3 перинаталдық орталықта салмағы 5 400 грамм қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, ол Астанада соңғы 20 жылда осындай ауыр салмақта туған үшінші қыз бала.
«Нәресте 13 желтоқсанда дүниеге келді, оның туғандағы салмағы 5 400 грамм болды. Босану еш қиындықсыз өткен. Босанғаннан кейінгі кезең де қалыпты болды. Сәби мен оның анасының жағдайы қалыпты күйінде үйіне шығарылды», - деді № 3 перинаталдық орталықтың босану бөлімінің меңгерушісі Эльмира Әлімжан.
Ата-анасы екі ұлдан соң туған алып қыздың есімін Жаннұр деп қойыпты.
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, бас қалада салмағы 5 584 грамм болған алғашқы алып қыз 2003 жылы № 2 перинаталдық орталықта туған. Ал 2014 жылы дүниеге келген екінші алып қыздың салмағы 5 750 грамм болды. Сондай-ақ, осы жылы елордадағы ең ауыр салмақтағы ұл бала дүниеге келді. Оның туғандағы салмағы 5,5 кг көрсетті.
20 желтоқсан 2017 ж. 1 929 2

Гость JeaOrer от 14 ақпан 2019 08:13
Side Effects Amoxicillin In Canines cheapest cialis 20mg Order Prednisone Online Amoxicillin With Metamucil

Гость JeaOrer от 5 наурыз 2019 20:19
Cialis 20mg 8 St viagra prescription Comprare Cialis Generico Online Buy Synthroid Online No Prescription