Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » СЫРДАРИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бастамасымен "Мемлекеттік қызмет аруы" атты облыстық байқау өткізілді.
Аталған байқауда Сырдария ауданының намысын аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Мешітбаева Әйгерім қорғап, бас жүлдені жеңіп алды.
Департаменттің ұйымдастыруымен өткен байқау жоғары деңгейде өтті және қазылар алқасының құрамында облысқа белгілі мемлекеттік қызмет саласының мамандары мен ардагерлері, азаматтық қоғам өкілдері және қоғамдық ұйым жетекшілері болды.
Марапаттау салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы А.Мұхимов мемлекеттік қызмет абыройлы міндет екенін айтып, байқауға қатысушыларға, оларға жанкүйер болған көрермен қауымға алғысын білдірді.
Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында жақсы жетістікті бағындырып, аудан абыройын асқақтатқан білікті маманды жеңісімен құттықтаймыз.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
14 маусым 2019 ж. 1 040 0