Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бастамасымен бос жұмыс орындары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңесі өтті.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимов қатысып, сөз сөйледі.
– Бәрімізге белгілі, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесі жетілдірілуде. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру, ашықтықты қамтамасыз ету және халыққа сапалы қызмет көрсету – мемлекеттік қызмет саласының басым бағыттарының бірі. Бүгін Сырдария ауданында бос жұмыс орындарының және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілуде. Бұл іс-шараның басты мақсаты – қызмет алушыларға кеңес беру, «Е-gov» жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ауқымын кеңейту болып табылады. Іс-шара барысында аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме мамандары тегін кеңес беріп, тұрғындар сұрақтарына жауап береді,- деді Абзал Сансызбайұлы.
Айта кету керек, бос жұмыс орындары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңесі бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырылған болатын.  Аталмыш шараға жұмыссыз жүрген 100-ге тарта азамат қатысты. Ал бүгінде аудан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелгендер 875-ті құрайды. Жұмыс беруші сегіз мекеме келді. Алдағы уақытта да  жүйелі түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі  ұйымдастырылып тұрады.

Майя ҚОЖАБАЙ


25 мамыр 2019 ж. 1 130 0