МЕЙІРІМ, ШАПАҒАТҚА БӨЛЕНЕТІН АЙ

Аптаның сейсенбісінде аудандық мұсылмандар мешітінің асханасында аудан әкімдігі, аудандық спорт бөлімі, жер қатынастар бөлімінің ұжымы жамағатқа ауызашар берді. Ауызашарға жиналған жұртшылыққа аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы А.Асқаров Рамазан айының артықшылығын айтып өтті.
Уағызда ертеректен келе жатқан өсиет әңгіме барысында адамзат баласының бір-біріне деген мейірім шапағаты жөнінде айтылды. «Қадір түнінің» ерекшелігін атап өтті. Қашанда ауыз бекіткен жанға Алла тағала күш-қуат беріп, барлық мейірім шапағатына бөлейтіндігін тілге тиек етті. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров, «Иман-2013» қоғамдық қорының төрағасы М.Келдібаев, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Шанайқызы сөз сөйлеп, жамағатқа игі тілектерін жеткізді. Ауызашарда Құран оқылып, дұға жасалды.
Б.ҚАРАМАНТЕГІ