Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АУДАНДЫҚ МЕШІТТЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

АУДАНДЫҚ МЕШІТТЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ


Қасиетті Рамазан айының құрметіне «Қазгермұнай» БК ЖШС Сырдария ауданының ардагерлеріне арнап ауызашар берді.
Ауызашарға аудан әкімі Ғ.Қазантаев, «Қазгермұнай» БК ЖШС бас директоры Е.Қайыржанұлы, соғыс және еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен мешіт жамағаты қатысты.
Ауызашар рәсімі қасиетті Құран-Кәрім оқумен басталды. Мұнан кейін тыл ардагері Р.Бәйменов, соғыс және еңбек ардагері М.Бержанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, еңбек ардагерлері А.Бахтиярова, М.Сақтаповтар сөз сөйлеп, ауызашар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Сауабы мол шарада аудан әкімі Ғ.Қазантаев игілікті іске бастамашы болған «Қазгермұнай» БК ЖШС бас директоры Е.Қайыржанұлына аудан халқының атынан алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ауызашар соңында соғыс және еңбек ардагері Я.Тасыров жиналғандарға ақ батасын берді. Аудандық мешіттің бас имамы А.Асқаров Құран-Кәрім оқып, сауабын марқұм болып кеткен ата-бабалар рухына бағыштады.
Ақтөре Ибрагимұлы,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.
13 маусым 2018 ж. 1 464 0