Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАҺАРМАНДАРҒА БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ ҚҰРМЕТІ

ҚАҺАРМАНДАРҒА БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ ҚҰРМЕТІ

Жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеуде Отан үшін от кешкен батырлардың ерлігін дәріптеудің маңызы зор. Осыған байланысты Тереңөзек кентіндегі «Айгөлек» балабақшасының «Балапан» ортаңғы топ бүлдіршіндері ерлікке тағзым етті. Кентке қарасты О.Мәлібаев мөлтек ауданындағы Тағзым алаңына барып, ерлік көрсеткен батырларға құрмет көрсетті. Балабақшаның тәрбиешісі Шұға Ниязбай мен музыка жетекшісі Айымкүл Жолжанова ортаңғы топ балаларына Ұлы Жеңіс туралы айтып өтті. Сондай-ақ, соғыста ерлік көрсеткен батырлар мен батыл қазақ қыздары жөнінде ақпарат берді. Соңында бүлдіршіндер Отанды қорғаған қаһармандарға құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қойды.

Ш.НИЯЗБАЙ,
тәрбиеші
18 мамыр 2019 ж. 879 0