Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОС АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚОС АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін аудан тұр­ғындары Ұлы Жеңіс күніне орай Тағ­зым алаңына жиналып, қан майданда жан беріп, Отан үшін от кешкен боз­дақтарға құрмет көр­сетіп, еске алды. Бұл шараға аудандық Мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орыбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары соғыс және ең­бек ардагерлері, аудан тұрғындары мен қонақтары  қатысты.
Тағзым алаңына сап түзеп келген әскери қызметкерлер салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды. Артынша, ел мен жерді қорғауда ерлік көрсеткен жауынгерлерге тағзым жасалып, жиналғандар құрмет көрсетті. Боздақтардың рухына Құран бағышталып, олардың Отан үшін жасаған ерліктері ешқашан ұмытылмайтыны айтылды.

Боздақтарға тағзым етілгеннен кейін аудандық Мәслихат хатшысы Е.Әжікенов Отан соғысының ардагерлерін «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекесімен құттықтады.
Шарадан кейін аудан әкінің орынбасары Д.Байдушев қан майданның куәгерлері Я.Тасыров пен М.Бержановтың үйіне барып, құрмет көрсетті. Облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов ардагерлердің отты жылдардағы ерліктері бүгінгі тыныш өмірді қамтамасыз еткенін айтты. Елге Жеңіспен оралып, бейбіт заманда ауданның дамуы жолында жасаған жемісті еңбектеріне алғыс білдіріп, жүрекжарды лебізін жеткізді. Сонымен қатар, облыс әкімі Қ.Көшербаевтың «Құттықтау хатын» табыс етіп, мерекелік сый-құрмет жасады.

Өз кезегінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері майдан да­ласындағы естеліктерін айтып, Жеңіс мерекесіне орай құрмет көр­сеткен барша қауымға алғыс айтты.

"ТТ"-ақпарат
09 мамыр 2019 ж. 797 0