Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Жеңіс күні: Тоқаев Мәңгілік алауға гүл қойып, тағзым етті (фото)

Жеңіс күні: Тоқаев Мәңгілік алауға гүл қойып, тағзым етті (фото)

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Мәгілік алау алдында тағзым етіп, қызыл розалардан құралған бір шоқ гүлді монументке қойды.

Мерекелік іс-шараға онға жуық ҰОС ардагерлері келіп қатысты.

Бір минут үнсіздік пен ел әнұраны шырқалып болған соң Тоқаев олардың қолын алып, бейресми әңгіме-дүкен құрды.

Сондай-ақ, салтанатты жиында Асқар Мамин, Дариға Назарбаева, Нұрлан  Ныгматулин, Бақытжан Сағынтаев, Марат Тәжин төбе көрсетті.

Олар да Мәңгілік алауға ардагерлермен бірге гүл шоқтарын қойып, бас иді.

10 мамыр 2019 ж. 958 0