БЕЙБІТ КҮН ЖАСАСЫН ӘЛЕМДЕ
Жақында №2 «Балдәурен» балабақшасының «Қарлығаш» ересектер тобында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына байланысты «Бейбіт күн жасасын әлемде» тақырыбымен мерекелік іс-шара өтті. Балаларды адамгершілікке, Отанды сүюге, оны қорғауға баулу мақсатындағы шарада бүлдіршіндер шағын мерекелік бағдарлама ұсынды. Онда балғындар «Майданға, «Отанның жас өркені» әндерін орындап, Ғабидулла, Ержан, Санжар, Нұрасыл, Мардан, Димаш патриоттық өлеңдерді оқыды. Мерекелік шараны тәрбиеші Самал Андабаева ұйымдастырса, бүлдіршіндердің ән шырқауын саз жетекші Нұргүл Мұхаметжанова сүйемелдеді.
Сондай-ақ, осы топта «Менің Отаным» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысты тәрбиеші Айжан Қасымова ұйымдастырды. Оған Арнұр Асанов, Айару Мүбәрәкова, Абылай Ақнияз, Адия Қойшыбаева қатысып, Отан тақырыбына байланысты өлеңдерді мәнерлеп оқып, сайысқа түсті. Оларға балабақша меңгерушісі Күлжамал Жолдасова, әдіскер Жамал Әбілдаева әділ қазылық етті. Сахна мәдениетін сақтап, өлеңді оқу шеберлігіне, оның мазмұнына мән берілген сайыста бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық өлеңдерді оқыды. Нәтижесінде, сайысқа қатысқан балғындар марапатталды.
Самал АНДАБАЕВА,
тәрбиеші
тәрбиеші