ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
Ауылдың арқа сүйейтін азаматы болған Ұлы Отан соғысына қатысушы майдангерІ Іскендір Аханов биыл 100 жасқа толып, ауылдастары құрметпен еске алды.
Сәкен ауылында көрнекті көшелердің бірі осы абзал азаматтың атында. Оның бойында жаңа ауылдық клуб, балабақша, тағы басқа да сәулетті ғимараттыр орналасқан. Ардагердің мерейтойына орай көше басына ескерткіш тақта орнатылып, еске алу іс-шарасы өткізілді.
Салтанатты жиынды ауыл әкімі М.Қаратаев құттықтау сөзбен ашты. Ардагерді ұлықтау рәсімінде қазақ радиосының корифейі Ахат Жанаев, ауылдың көне көз қарты Қосан Әуесбаев қиын кезеңде Іскендір ағадан көрген қамқорлығын, жақсылығын жыр қып айтты.
– Жүгері нан жеп жүргенде бидай нанды ауызға салған жан еді, – деді Қосан ақсақал.
Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, ардагердің нағашысы М.Мамытов, немере інісі Р.Бәйменов, мектеп ұстазы С.Есназар майдангерді ұлықтаудың жас ұрпаққа үрдісті үлгі екенін айтты. Осы орайда Іскендір Ахановтың өмірдерегіне аз-кем тоқтала кетсек артық болмайды. Ол бастауыш мектепті бітіргеннен кейін 1933-1935 жылдары «Құндызды» колхозында колхозшы болып еңбек жолын бастайды. 1935-1936 жылдары ағасы Әбдіхалық Бәйменовтің көмегімен Түркістан қаласында педагогикалық техникумге оқуға түсіп, оның толық курсын бітіріп, мұғалімдік мамандық алып, ауданға қарасты «Шолақ арық» мектебіне мұғалімдік қызметке орналасқан.
1939 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, 1940 жылы денсаулығына байланысты әскери міндетінен босап, елге оралады. Одан кейінгі жылдары Тереңөзек аудандық партия комитетінде қызмет атқарған.
1942 жылы Қызыл әскер қатарына қайта шақырылып, Сталинград қаласы үшін шайқастарға қатысып, қаланы жаудан азат етуге қатысады, кескілескен шайқастарға қатысады. Сондай-ақ бір ұрыстардың кезінде ауыр жарақат алып, Чита қаласындағы госпитальда ұзақ уақыт емделіп, екінші топтағы мүгедек болып, 1943 жылы елге оралды. Ол мүгедектігіне қарамастан 1943 жылдың тамыз айынан 1946 жылдың ақпан айына дейін Тереңөзек ауданы «1 Май» колхозында есепші болып жұмыс жасайды.
1946 жылдың ақпан айы мен 1950 жылдың тамыз айы аралығында колхозшылардың қалауымен осы колхоздың басқарма төрағасы болып сайланады.
Сұрапыл соғыс жылдарында, кейінгі ауыр кезеңдерде әл-қуаты азайған қарттарды, әлі буыны қатпаған жас өспірімдерді, ері соғысқа кеткен әйел кісілердің тілін тауып, ұйымдастырып, жұмылдыра білу оңай емес болатын.
Халқына қалтқысыз қызмет істеп жүргенін елі де елеп, 1950 жылы «1 Май» колхозы мен Каганович атындағы ірілендірілген колхозды басқаруға сенім білдіреді. Бұл жұмысты 1959 жылдың желтоқсан айына дейін абыроймен атқарады. Абыройлы еңбегін, зор ұйымдастырушылық қабілетін ескеріп, Тереңөзек аудандық партия комитеті І.Ахановты «Ақарық» колхозына партком хатшысы етіп жібереді.
1963 жылдан 1989 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін С.Сейфуллин атындағы совхозда бөлімше басқарушысы болып қызмет істеді.
Ұлы Отан соғысының майдангері І.Аханов І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен, ал соғыстан оралғаннан кейінгі 50 жылға жуық еткен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, 9 рет медальмен марапатталған.
Ол бірнеше рет аудандық партия комитетінің мүшелігіне, 6 рет ауылдық Кеңеске депутат болып сайланған, 3 рет ВДНХ-ның қола медалін алған.
Салтанатты жиын қорытындысында ардагерлер ескерткіш тақтаның ақ жамылғысын сыпырып, ардагер ағаның нұр бейнесі көпшілікке паш етілгеннен кейін, Қосан қарт көпшілікке ақ жарылқап, бата берді. Мұнан соң ауыл мешітінде ас беріліп, құран бағышталды.

Ш.НҰРСЕЙІТОВ