Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАТУЛЫҒЫ ТҰРАҚТЫ ЕЛМІЗ

ТАТУЛЫҒЫ ТҰРАҚТЫ ЕЛМІЗ

«Бірлік болмай, тірлік болмас» дейді дана халқымыз. Бе­рекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бас­тауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.
Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этносқа ортақ жалпы халықтық идеал мен қасиетті қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде, әрбір ұлт конституциялық құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этнос­тық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді. Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты. Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен этнос қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған қазіргі мол тәжірибе этносаралық мәселерді шешудің әлемдік тәжірибесіне енуде. Сондықтан 1 мамыр мерекесі біз үшін ерекше ыстық. Туған өлкеде ауызбірлік нығайып, бейбітшілік бола берсін!

Кан МИЛА,
корей ұлтының өкілі
30 сәуір 2019 ж. 768 0