ҚАРЫШТЫ ҚАДАМ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖЕМІСІ

Елбасы өзінің «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында кез-келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлікте деген болатын. Дамыған елдердің озық тәжірибесіне сүйенетін болсақ, шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту елдің экономикасын көтеруде маңызды орынға ие. Президент қолдауының арқасында кәсіпкерліктің бірнеше бағдарламалар жасалды. Қазіргі таңда ауданымызда шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысушылар қатары көбеюде. Кәсіпкерліктің сан-саласы қарышты дамып, ел игілігін көруде. Бұл Тәуелсіздіктің жемісі. Тәуелсіздігіміз баянды, ел-жұртымыз аман болсын.
Марат ДҮЗІМБЕТОВ,
ҚР Құрметті құрылысшысы, кәсіпкер