ИГІ ІСКЕ ТҮЛЕКТЕР ҮН ҚОСТЫ
Қазір тазалық айлығы жүріп жатқаны белгілі. Әр сенбі сайын қоршаған ортаны оның ішінде көше бойы, мекемелер алды қоқыс, қалдықтан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүруде. Бұған көпшілік жұмыла атсалысып келеді. Сондай-ақ, айналамызды көркейту жұмыстары да жасалып, ағаш егу акциялары ұйымдастырылуда. Өткен аптадағы сенбілік осындай игі іске арналып, «Ауламыздың гүлденгені – мемлекеттің гүлденгені» ұранымен тазалық күні ұйымдастырылды.
Тазалық айлығындағы ағаш егу ісіне апта сайын шығатын мекеме қызметкерлерімен қатар ауыл тұрғындары белсене атсалысуда. Оған қоса, мектеп бітірген түлектер де бұған үн қосуда. Атап айтқанда, Н.Ілиясов ауылындағы №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектепті осыдан жиырма жыл бітірген түлектер білім ұясына келіп, мектеп ауласына тазарту жұмыстарын жүргізді. Бүгінде республикаға белгілі ауылдың білім ошағы заманауи талаптарға сай болғандықтан оның алды гүлденіп, көркейіп тұру керек дейтін түлектер жеміс ағаштарын отырғызды.
Мектеп түлектерінің мұндай игілікті бастамасын ауыл әкімі С.Нұрмағанбетов атап өтіп, жасыл желекті қалыптастыру маңызды жұмыс болып табылатынын айтты. Ауылдың әр тұрғыны, әсіресе жастар ағаш отырғызуға, оларды күтіп, баптауға бір кісідей атсалысу қажеттігін жеткізді. Ал мектеп директоры І.Анафияев аға ұрпақ пен жас ұрпақтың сабақтастығы осындай тағлымды шаралармен байланысатынын тілге тиек етті.
– Біздің қазіргі таңда қоғамда елеулі азамат пен азаматша болып қалыптасуымыз – білім ордасынан алған тәлім-тәрбиеге байланысты. Осы мектеп қабырғасында білім алған түлектер кейінгі толқынға өнеге көрсетіп, ағаш отырғызуда. Бұл шараға білім ошағының 10-сынып оқушылары қатысты. «Аялы ағаш – саялы» дейді. Сондықтан отырғызылған жеміс ағаштарын күтіп ұстау осы жас ұрпақ еншісінде, – деді мектеп директоры.
Өз кезегінде жиырма жылдық түлек Мұрат Ерназаров та гүлденген ауылдың мектебі ерекше көркейіп тұру керектігін айтты.
– Ауылда қалып, алтын ұя мектебімізде қызмет етіп жүрген сыныптастар бар. Еліміздің түкпір-түкпірінде жүргендер қаншама?! Биылғы мектеп бітіруіміздің жиырма жылдығына орай түлектер ағаш егу күніне өз үлесімізді қосайық деп шештік. 20 сәуір күні 20 жылдық түлектер 20 түп жеміс ағашын отырғызу арқылы игі істі бастап жатырмыз. Мектеп ауласына сән беріп, ауылымызды көріктендіреді деген сенімдеміз, – дейді мектеп түлегі.
Жалпы, ағаш егу – абыройлы іс болса, нағилық түлектер көпке үлгі көрсетті. Білім алған мектепке келіп, оның гүлденіп, көркеюіне әркім үлес қосу керек десек, жиырма жылдық түлектер сол бір міндетінен абыроймен іске асырды.

Е.БЕРКІНБАЕВ