ТҰРАҚТЫ БАСПАНА – ҚҰТТЫ ҚОНЫС
Тұрғын үй мәселесі қашанда маңызды. “үйің болмай-күйің болмайды” демекші, үйсіз жүру отбасы үшін қиынның қиыны. Соңғы жылдары аймақта құрылыс қарқын алып, әсіресе, тұрғын үй салуда Сыр елі республикада алдыңғы қатарға шыққаны белгілі. Алдыңғы кезекте тұрғындарды баспанамен қамту, әлеуметтік әлсіз топтарды қорғау маңызы зор бір шараға айналды.
Мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй кешендері бой көтеріп, аудандарда іске аса бастады. “Нұрлы жер” бағдарламасы арқылы біздің ауданда да тұрғын үй кешені салынып, бірқатар тұрғындар қоныс тойын тойлап үлгерді. Атап айтқанда, кентке кіреберіс аумағына салына бастаған үш қабатты тұрғын үйдің 60 пәтері өз иелеріне қуаныш сыйлады. Бұл пәтер кешеннің №3 және №4 үйінде орналасқан. Барлық жағдайы жасалған жайлы пәтер ең алдымен Ұлы Отан соғысы ардагеріне, пәтер кезегінде тұрғандарға, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, көп балалы отбасыларға берілді. Биылғы жылы тұрғын үй құрылысы жалғасын тауып, қоныс тойын тойлайтын тұрғындар салтанатты сәтті асыға күтуде.
Жас отбасы үшін баспана мәселесі ең бірінші кезекте тұрады емес пе? Пәтерден пәтерге көшудің қандай қиын екенін басымыздан өткізген соң жақсы білеміз. Оның үстіне кішкентайларымыз бар. Олардың қамымен тұрақты жұмыс істеуге де мүмкіншілігім болмады. Жолдасым мектепте қызмет етеді. Көп жылдардан бері үй кезегінде тұрдық. Мұндай сәттің қуанышы бізге өткен жылдың соңында бұйырды. Кезегіміз келіп, баспана алатынымызды естігенімізде қуаныштан төбеміз көкке жетті. Әсіресе, балалардың қуанғанын көрсеңіз. Жап-жаңа, кең, барлық жағдайы жасалған пәтердің иесі атанып, қоныс тойын тойладық. “Өз үйім-өлең төсегім” деген осы емес пе? Бұл үшін мемелкеттің қолға алған бағдарламасына мың алғыс. Қаншама отбасына қуаныш сыйлап, жағдайын жасап жатыр. Енді алаңсыз еңбек етіп, балаларымызды көз алдымызда өсіріп, жеткізетін боламыз.
АЛЫСТАН САМАЛАДАЙ ЖАРҚЫРАЙДЫ
Күн сайын көркейіп келе жатқан туған жердің келбетіне қарап көкірегіңе қуаныш сезімі ұялайды. Көше тазалығынан бастап, әсем ғимараттарға тұрғындар, кент қонақтары сүйсіне қарайды. Аудан орталығының ажары да, түн мезгілінде жанып тұратын шамдар да бәрі-бәрі жарасымды. Әсіресе, біз мекен ететін жаңа тұрғын үй кешені алыстан мен мұндалап, самаладай жарқырап тұр.
Жаңа қоныс аударғанымызға да көп бола қойған жоқ. Өткен жылдың соңында қоныс тойын тойлап, қыс мезгілін жаңа пәтерде өткіздік. Жанымызға жайлы, жылы, әрі кең пәтерде ауыз су, ыстық су, жылу тұрақты түрде берілді. Бұл біздің ондаған жылдар бойы күткен қуанышымыз еді. Мемлекетке қызмет етіп, мемлекеттік бағдаралама арқылы қол жеткен баспанамыз үшін ел ағаларына айтар алғысымыз мол. Енді тұрғын үйдің айналасын жасыл желекке айналдыру, гүлзарлар отырғызу бұл біздің міндетіміз. Айналамызды тап-таза етіп, ұқыптылықпен қарау қолымыздан келеді. Ол үшін бір білектегі жұдырықтай жұмылуымыз, ауызбірлік танытуымыз қажет.
МӘРЕ-СӘРЕ КҮЙ КЕШУДЕМІЗ
Қазіргі уақытта елімізде көп балалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі баласы барларға жақсы жағдай жасау алдыңғы кезекке қойылған. Бұл жайында күн сайын ақпарат құралдарынан көріп, біліп жүрміз. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың жағдайы да ел Президентінің тұрақты назарында. Біздің аудан тұрғындар үшін өмір сүру сапасын арттыруда ел азаматтарынан тек қана қамқорлық көріп келетінімізді ашық айта аламын. Тереңөзек кентінде ашылған Әлеуметтік дүкеннен базар бағасынан едәуір арзандатылған азық-түлік алатындардың өзі қаншама.
Ал, баспана мәселесінде үнемі қиналып жүретін кезді ойласам, қазір маған көрген түсім секілді. Аллаға шүкір жаңа, жайлы баспанаға қол жеткізіп, бала-шағамызбен мәре-сәре күй кешудеміз. Осындай қамқорлық танытып, пәтер кілтін табыс еткен ел ағаларына алғысымыз шексіз.
Мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй кешендері бой көтеріп, аудандарда іске аса бастады. “Нұрлы жер” бағдарламасы арқылы біздің ауданда да тұрғын үй кешені салынып, бірқатар тұрғындар қоныс тойын тойлап үлгерді. Атап айтқанда, кентке кіреберіс аумағына салына бастаған үш қабатты тұрғын үйдің 60 пәтері өз иелеріне қуаныш сыйлады. Бұл пәтер кешеннің №3 және №4 үйінде орналасқан. Барлық жағдайы жасалған жайлы пәтер ең алдымен Ұлы Отан соғысы ардагеріне, пәтер кезегінде тұрғандарға, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, көп балалы отбасыларға берілді. Биылғы жылы тұрғын үй құрылысы жалғасын тауып, қоныс тойын тойлайтын тұрғындар салтанатты сәтті асыға күтуде.
Б.ЖАНӘЛІ
ЖАЙЛЫ ҮЙ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫЖас отбасы үшін баспана мәселесі ең бірінші кезекте тұрады емес пе? Пәтерден пәтерге көшудің қандай қиын екенін басымыздан өткізген соң жақсы білеміз. Оның үстіне кішкентайларымыз бар. Олардың қамымен тұрақты жұмыс істеуге де мүмкіншілігім болмады. Жолдасым мектепте қызмет етеді. Көп жылдардан бері үй кезегінде тұрдық. Мұндай сәттің қуанышы бізге өткен жылдың соңында бұйырды. Кезегіміз келіп, баспана алатынымызды естігенімізде қуаныштан төбеміз көкке жетті. Әсіресе, балалардың қуанғанын көрсеңіз. Жап-жаңа, кең, барлық жағдайы жасалған пәтердің иесі атанып, қоныс тойын тойладық. “Өз үйім-өлең төсегім” деген осы емес пе? Бұл үшін мемелкеттің қолға алған бағдарламасына мың алғыс. Қаншама отбасына қуаныш сыйлап, жағдайын жасап жатыр. Енді алаңсыз еңбек етіп, балаларымызды көз алдымызда өсіріп, жеткізетін боламыз.
Айжан ЕМЖАРОВА,
кент тұрғыны
кент тұрғыны
Күн сайын көркейіп келе жатқан туған жердің келбетіне қарап көкірегіңе қуаныш сезімі ұялайды. Көше тазалығынан бастап, әсем ғимараттарға тұрғындар, кент қонақтары сүйсіне қарайды. Аудан орталығының ажары да, түн мезгілінде жанып тұратын шамдар да бәрі-бәрі жарасымды. Әсіресе, біз мекен ететін жаңа тұрғын үй кешені алыстан мен мұндалап, самаладай жарқырап тұр.
Жаңа қоныс аударғанымызға да көп бола қойған жоқ. Өткен жылдың соңында қоныс тойын тойлап, қыс мезгілін жаңа пәтерде өткіздік. Жанымызға жайлы, жылы, әрі кең пәтерде ауыз су, ыстық су, жылу тұрақты түрде берілді. Бұл біздің ондаған жылдар бойы күткен қуанышымыз еді. Мемлекетке қызмет етіп, мемлекеттік бағдаралама арқылы қол жеткен баспанамыз үшін ел ағаларына айтар алғысымыз мол. Енді тұрғын үйдің айналасын жасыл желекке айналдыру, гүлзарлар отырғызу бұл біздің міндетіміз. Айналамызды тап-таза етіп, ұқыптылықпен қарау қолымыздан келеді. Ол үшін бір білектегі жұдырықтай жұмылуымыз, ауызбірлік танытуымыз қажет.
Гүлбақыт ДАРМОЛДАЕВА,
кент тұрғыны
Қазіргі уақытта елімізде көп балалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі баласы барларға жақсы жағдай жасау алдыңғы кезекке қойылған. Бұл жайында күн сайын ақпарат құралдарынан көріп, біліп жүрміз. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың жағдайы да ел Президентінің тұрақты назарында. Біздің аудан тұрғындар үшін өмір сүру сапасын арттыруда ел азаматтарынан тек қана қамқорлық көріп келетінімізді ашық айта аламын. Тереңөзек кентінде ашылған Әлеуметтік дүкеннен базар бағасынан едәуір арзандатылған азық-түлік алатындардың өзі қаншама.
Ал, баспана мәселесінде үнемі қиналып жүретін кезді ойласам, қазір маған көрген түсім секілді. Аллаға шүкір жаңа, жайлы баспанаға қол жеткізіп, бала-шағамызбен мәре-сәре күй кешудеміз. Осындай қамқорлық танытып, пәтер кілтін табыс еткен ел ағаларына алғысымыз шексіз.
Гүлжазира БЕКЖҮНІСОВА,
көп балалы ана
көп балалы ана