Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ

КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ


Бүгін кент орталығындағы А.Иманов және Н.Ергешбаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған көпқабатты тұрғын үй аудан тұрғындарына пайдалануға берілді.
Тұрғындардың қуанышына айналып отырған көпқабатты тұрғын үйді ашылу салтанатында облыс әкімі Қ.Көшербаев сөз алып баспаналы болған отбасыларды құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Қазіргі таңда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жүргізілген тұрғын үй құрылысының халыққа тиімділігін атап өтті.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғының ардагері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Яхия Тасыров бастаған тұрғындарға пәтер кілтін табыстады.
Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, пәтер алушы тұрғындардың атынан Г.Бершімбаева сөз алып, аймақ басшысына алғысын айтты. 
Шара барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев тұрғын үйдің лентасын қиды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Ұлы Отан соғының ардагері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Яхия Тасыровтың пәтерімен танысып, ардагердің ақ батасын алды.
Бұл көпқабатты тұрғын үй Ұлы отан соғысы ардагеріне, пәтер кезегінде тұрған осал топ өкілдеріне, бюджеттік сала мамандарына, баспанасы апаттық жағдайдағы тұрғындарға табыс етілді.
Тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын "Дәнекер" құрылыс компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізсе, ал абаттандыру жұмыстарын "Орда құрылыс" компаниясы жүргізді.
14 қараша 2018 ж. 1 629 0