ҰЯТ БОЛДЫ
Бала күнімізде әке-шешеміз аттап басқан сайын «жаман болады», «ұят болады» дейтұғын. Содан қарадан-қарап жан-жағымызға ұрлана қарап «біреу көріп қойды ма екен?» деп ұялатынбыз. Бұл әрекетті екінші рет қайталамауға өз-өзімізге іштей серт беретінбіз. «Көп күлме, көп сөйлеме, үлкеннің алдынан кесіп өтпе, бүйіріңді таянба, есікті керме, біреуге қарап есінеме», қойшы әйтеуір осы тектес толып жатқан «жаман болады» мен «ұят боладының» арасында шырмалып, қысылып-қымтырылып жүруші едік.
Қазір шыны керек, қоғамда ар, ұят, иман деген құндылықтар азайып бара жатыр. Ол рухани, адами тұрғыдан болсын немесе жүріс-тұрыс, киім-киіс, сөйлеу, өзін-өзі ұстау тұрғысынан болсын. Осыдан небәрі он бес, жиырма жыл бұрын ел қысқа етек киіп, жалаңаштанған қыз баласын көрсе бетін шымшып, бұның ұят екенін, бұлай киінгеннің ұятсыздық екенін меңзеп, үлкен кісілер: «Қарағым, мұның ұят емес пе?! Тыртиып киіп алғаның не?», «немене, мата жетпей қалды ма?» деп сөгіп, ұрысатын-ды. Естеріңізде ме? Ондайларды мектепке ата-анасын шақыртып ұялтатын, баланың өзін бүкіл оқушылардың алдына шығарып, жиналысқа салып, ескерту жасайтын. Ал, қазір жалаңаштану сәнге айналды. Ол – мәдениеттілік, заманауилық болып саналады. Қазіргі күні киіммен бірге рухымыз да жалаңаштанып бара жатыр.
Бір танысым бар. Бұрнағы жылы жасаулатып, бар сән-салтанатымен қызын ұзатты. Ас та төк той жасады. Дәулеті тасығаннан емес, «анадан, мынадан қалып қоймайын, менің қызым кімнен кем?» деген жалған намыс... Есесіне толып жатқан банктерге қарыз болып шыға келді. Барған жері елге сыйлы кісілер. Көп ұзамай қыз балалы, құдалар немерелі болды. Танысым «бесік апарамын» деп шабылды. Құдалар жағы сәл кідіре тұруды сұраған екен, қыздың шешесі көнбей «бесікті күте алмайды екенсің, қызымды алып кетемін, ішіме сыйған қыз сыртыма сыяды...» деп шаптықты. Құдалар амалсыз көніп, тағы той болды. Содан араға жік түсті. Осылай жүргенде қыз екінші балаға жүкті болды.
Танысымнан сұраймын ғой:
– неге көңілің толмайды. Құдаларың әп-әдемі, момын жандар ғой, – десем.
– Қызыма сырға салғанда әншейін алтын тақты. Ал ана пәленшенің оқымаған қызына бриллиант тақты?! Менің қызым кімнен кем, қос-қос дипломы бар. Мен қызымды олай қорлатып қоя алмаймын. Ақыр соңында қызын бүкіл дүниесімен үйіне қайтып әкеліп тынды.
Жақында бір шаруамен танысымның үйіне бардым. Қызы екінші баласын босаныпты. Қыздың өңі сынық, киімі жұпыны көрінді. Танысымнан хал-жағдай сұрап едім:
– Мына қыз да бәле болды, өз бейнетім аздай, бала-шағасымен, үйдегілерге де жеккөрінішті болдым. Банктер де қарызын сұрап, қысып барады, – деп төмен қарады. Шынымды айтсам, ол үшін мен ұялдым.
Бірде газеттен «аудармашы керек» деген хабарламаны оқыдым.
– Сәлеметсіз бе? Мен хабарлама бойынша хабарласып тұр едім...
– По русский знаете?
– Білген соң хабарласып тұрмын.
– По английский?
– Жоқ, білмеймін.
– Стыдно. Компьютер знаете?
– Иә, қазір компьютерді бәрі біледі ғой.
– Раньше кем работали?
– Бұрын емес, қазір де баспа саласында істеймін...
– Стаж работы сколько?
– 35 жыл.
– Вам сколько лет?
– Менің жасым аса маңызды ма? Ең бастысы, жұмыс істеу қабілетінен айрылғаным жоқ. Бұрын да аударма жасап жүрмін.
– Извените, нам нужны молодые.
Мен өзім үшін ұялдым... не ағылшынша білмеймін, не «молодой» емеспін... қосымша жұмыс іздеп нем бар еді... Шынында да ұят болды...
Иә, адам – пенде ғой. Жолымыз болмай, ойдағы тірлігің орындалмай жатса, біреу әділетсіздіктің құрбаны болып жатса, бейкүнә сәби қоқыс жәшігінен табылып жатса, еріксіз Құдайға тіл тигізіп жатамыз. Артынан тәубемізге келіп, «Құдай өзің кешіре гөр!» деп Жаратқанға жалбарынамыз.
Кейде пәндәуи күнә жасаймыз, еріксіз біреуді боқтап, тіл тигіземіз, тілдейміз, өсек айтамыз, жамандаймыз. Тағы да Құдайдан кешірім сұраймыз.
Кейде жасаған жақсылығымызды міндетсіп, біреуге ауыр сөз айтамыз. «Құдай өзі кешірсін» – дейміз артынша. Жаратқанға бірде мойынсұнамыз, бірде мойынсұнбаймыз. Кейде «зиянсыз» өтірік айтамыз. Сөйтеміз де кешірім сұраймыз. Құдайдан ұят, ар алдында ұят, Әруақтан ұят....
Құдай ұятсыздардан сақтасын...
Кейде «малым-жанымның садағысы, жаным-арымның садағасы», «өлімнен ұят күшті» дейтін текті ұлттың ұрпағы болғанымызға мақтанамыз. Сөйтеміз де ұяламыз... Біреулер үшін... Олардың заңсыз, ұятсыз әрекеті үшін...
Қазір ата-ана баласына «Ұят болады» дегенді айтпағалы қашан? Айтпақшы, алдыңғы күні құрбымның туған күніне бара алмадым. Досымның енесі қайтыс болды, бара алмадым. Сонау Өзбекстанда тұратын бауырым келді. Әне-міне сәлем беремін деп жүргенде кетіп қалыпты. Әріптесіме қарыз едім, бере алмадым. Бүгін көршім қызын ұзатып жатыр, бара алмадым... Ұят болды... Сіз қалай ойлайсыз ұят бар ма өзі?

С.СҰЛТАНҚЫЗЫ