Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛСЫН

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛСЫН

Наурыз мерекесімен қа­тар аудандық басылым­ның 80 жылдық мерейлі мере­кесі қатар келгеніне қуаныш­тымыз. Баспасөз са­­ла­сында өмір бойы ең­бек етіп, зейнеткерлікке бас­паха­надан шыққан соң мен үшін мерекенің маңы­зы зор. Алғашқы кез­­­­де үйренуші болып жұмысқа орналасып, кейін әріп теруші мамандығын меңгеріп, 1977 жылдан баспахана жұмысы тоқ­таған­ша абыройлы қызмет еттім. Мені осы жұмысқа үйреткен өндірістегі ұстазым Гүлнәр Ысқақова болатын. Тарих беттеріне айналған қызмет жылдарым үшін талай мәрте құрметке бөлендім. Жұмыстың ыстығы мен суығына көніп, үлкен ұжымда еңбек еттім. Қазір баспахананың ізі ретінде аудандық газеттің қамқорлығындамыз. Жыл сайын төл мерекеде басымыз қосылып, ардагерлердің қатарында келеміз. Қазіргі ұжымның жұмысына да көңіліміз толады. Халықтың ықыласына бөленіп, жастардың жазарманы таусылмасын деген тілектеміз.

Қазына АСЫҚБАЕВА,
еңбек ардагері
03 сәуір 2019 ж. 1 104 0