Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК ТӨРГЕ ОЗДЫРДЫ

АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК ТӨРГЕ ОЗДЫРДЫ

Ардагерін ардақтап, қашанда сый-құрметке бөлейтін байырғы ұжым біз үшін аудандық газет редакциясы. Бүгінде 80 жылдығын атап өтіп отырған ұжымның орны біз үшін орны бөлек.
Алғашқы еңбек жолым­­ды Жалағаш ауданында бастасам да, тұрмыс құрып, сүйікті мамандығыммен жұмысымды жалғастыруға мүмкіндік берген сол кездегі Тереңөзек аудандық баспахана. 1977 жылдың қаңтар айынан бастап газет басушы болып қызметке кірістім. Жұмыс ауыр болғанымен оның қиындығын аузына ешкім алмайтын. Уақытпен санаспай, күндізтүні газеттің жаңа нөмірі басылып шыққанша бір үйдің баласындай бірге жүретінбіз. Қазір барлығы басқаша, жаңа технология, компьютер келгелі көп адамның жұмысын бір-екі адам ғана атқарады. Мұны біз редакцияда басымыз қосылғанда көріп жүрміз. Газеттің әрленуі де өзгеше, керемет, түрлі-түске еніп, мақаланы оқуға асығып тұрасың. Бұл мерейлі жасқа келген басылымның абыройы артып, оқырманының көбеюіне де өз әсерін тигізері сөзсіз.
Әсем де, жарық ғимаратқа орналасқан редакцияның жанынан өтіп бара жатып, бізге тым ыстық көрінетін ұжымды Наурыз мерекесімен, газеттің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.

Шынар ӘБДІҚАЛЫҚОВА,
еңбек ардагері
24 наурыз 2019 ж. 901 0