"ГРЕК" САЛАТЫН ӘЗІРЛЕУ ӘДІСІ
Қызанақ — 500 гр. ( 3 қызанақ)
Болгар бұрышы — 350 гр. (2 дана)
Қияр — 400 гр. ( 3 қияр)
Пияз — 150 гр. ( 2 ұсақ пияз жеткілікті)
Сүзбе ірімшік (брынза) — 200 гр.
Зәйтүн — 150 гр.
Тұздығына:
Зәйтүн майы — 5 ас қасық
Лимон шырыны — 2 ас қасық
Тұз бен бұрыш — бір шымшымнан қосамыз.
Дайындалуы:
Қызанақтарды ірі етіп тураймыз. Қиярды ортасынан бір бөлгеннен кейін, жіңішке тіліктерге тілеміз. Болгар бұрышын тұқымдарынан ажыратып, ұзынша етіп тураймыз. Пиязды да жарты сақиналарға тураймыз. Сүзбе ірімшігін ірі текшелерге тураймыз.
Тұздығын дайындау үшін зәйтүн майын лимон шырынымен араластырып, тұз бен бұрыш саламыз. Табаққа туралған көкөністерді салып, тұздығымен араластырамыз. Ал сүзбе ірімшігі мен зәйтүндерді ең соңынан барып саламыз. Дастарханға ұсынар алдында салатты жапырақтармен сәндеуге болады.
Салат дайын! Астарыңыз дәмді болсын!
Дереккөз: Reactor