ЕРЕКШЕ ДƏМДІ САЛАТ
Қажетті заттар:
- 1 кг балғын қияр
- 0,5 кг қызанақ
- 3 шт тəтті қызыл бұрыш
- 1 шт пияз
- 5 тіс сарымсақ
- 100 мл сұйық май
- 100 гр аскөк
- 2 ас қасық қант
- 2 ас қасық тұз
1. Қиярды орташа көлемде төртбұрыштап, үшбұрыштап тураймыз.
2. Қызанақ, пияз, сарымсақ пен тəтті бұрышты еттартқыштан өткіземіз.
3. Еттартқыштан өткен көкеністерді қазанға құйып, тұз, қант, сұйық май қосып, қайнатуға қоямыз.
4. Қайнай бастағаннан 5-7 минут қайнатып, майда туралған аскөкті қосып, тағы 2-3 минут қайнатамыз.
5. Сосын қайнап тұрған массаға туралған қиярды қосып, тағы бір қайнатып аламыз.
6. Қайнап болғанда стерилді банкілерге құйып, жабамыз да, қалың нәрсемен орап, түнге қалдырамыз.
Қысқа арналған салат дайын.
Осы көрсетілген азық -түліктен шамамен 2 литрдей салат шығады.'
Пікір 2