Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАКЛАЖАНМЕН ЛЕЧО САЛАТЫ

БАКЛАЖАНМЕН ЛЕЧО САЛАТЫ



Қажетті заттар:
- 5 кг қызанақ
- 2 кг баклажан
- 2 кг тəтті болгар бұрышы
- 0,5 кг пияз
- 0,5 литр сұйық май
- 500 гр сарымсақ
- 4 ас қасық тұз
- 1 стақан қант

1. Баклажанның сыртың тазалап, орташа төртбұрыштап тураймыз да, салқын суға салып қоямыз.
2. Қызанақты еттартқыштан өткізіп аламыз. Бұрыштарды орташа төртбұрыштап тураймыз. Пиязды қалауыныз бойынша тураймыз. Сарымсақты майдалап тураймыз.
3. Қазанға майды құйып, қыздырамыз да, пиязды саламыз. Пияз қуырылғанда, тартылған қызанақты құямыз. Қызанақ 10-20 минуттай қайнаған соң, судан сығып алынған баклажан мен болгар бұрыштарын саламыз. Тұз жəне қантты қосамыз. Баклажан толықтай піскенге дейін қайнатамыз.
4. Баклажан пісіп қалғанда сарымсақты қосамыз. 6-7 минуттай қайнатып, стерилді банкілерге құйып, жабамыз да, қымтап орап қоямыз.
Баклажан лечосы дайын.
15 тамыз 2018 ж. 2 411 0