СЕНІҢ ВЫСШИІҢНЕН МЕНІҢ НИЗШИІМ
Кезекті бюро мәжілісі жүріп жатты. Залда адам өте көп. Трибунада аудандық мал емдеуханасының бас мал дәрігері Н.Бурлак жыл қорытындысымен есеп беріп тұр. Шаруашылықтарда мал өлімі өте көп болып, олар емделмей орынсыз шығынға жол берілгенін хатшы ескертсе де, мал дәрігері орынды сөзге, сұраққа құлақ аспай, өзінше дәлелдей берді. Орнынан ұшып тұрған Н.Бердіқұлов бас мал дәрігері Н.Бурлакқа:
– Николай Бурлак жолдас, доғарыңыз сөзді. Сенің высшиіңнен, менің низшиім, – дегенде мал дәрігерінің түсі бұзылып, трибунада қалт тұрып қалды. Отырғандар ду күлкіге батты.
Б.ШЕРТАЕВ жазбасынан. 1994 жыл