АУДАННЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ЖЫЛДЫ ЖЕМІСТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Сырдария ауданының денсаулық сақтау саласы жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылды жемісті қорытындылады. Бұл туралы ұжымның қорытынды мәжілісінде ауданның бас дәрігері Н.Мырзағалиева айтты.
Мәжіліске аудан әкімінің кеңесшісі Б.Өтегенова, аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимұлы, емхана дәрігерлері мен мейірбикелер, денсаулық сақтау саласының кіші буын және техникалық қызметкерлері қатысты.
Мәжіліс барысында "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар" Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері баяндама жасап, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Ауданның денсаулық сақтау саласына жаңа аппараттар алынды. Аудандық аурухана базасында жаңадан бес бөлімше ашылды. Штаттық бірліктерді реттеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Жалпы, ұжым жылды ойдағыдай қорытындылауда. Соның негізінде сыйақы мен диференциалдық төлемдерге 12,5 млн.теңге қаражат қаралды. Алдағы жылы да бірлесе еңбек етіп, биік межеден көрінеміз деп нық сенемін,-деді ауданның бас дәрігері.
Сонымен бірге, келесі жылы жүзеге асырылуы тиіс бірқатар міндеттерге тоқталды. Сала мамандарының кәсіби біліктілігі мен білімі жоғары болу керектігіне назар аударды.
Мәжілісте ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан айрықша үлестері үшін бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің "Алғыс хаты" және облыстық денсаулық сақтау басқармасының, аудандық аурухананың "Құрмет Грамоталары" табысталды.
Cырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі