Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

Үш үгіт


Бір құс байқаусызда тұзақшының құрған торына түсіп қалады. Құс тұзақшыға:
- Ей, мырза! Сен өміріңде қаншама сиыр мен қойды сойып жеген екенсің. Онымен қоса түйені құрбандыққа шалған кездерің де болыпты! Сен сол жануарлардың еттеріне де тоймадың. Енді кіп-кішкене болған менің етіме қалай тоймақсың?! Оданда мені босат, мен саған үш үгіт айтып берейін. Сонда менің ақылды яки ақымақ екенімді білесің.
Сол үш үгітімнің біреуін сенің қолыңда тұрғанда айтайын, екіншісін анау тұрған дуалдың үстінде айтайын. Үшіншісін, ағаштың үстіне қонған кезде айтайын. Сен осы үш үгітке дән риза болып, рахметіңді айтасың! Сенің қолыңда тұрғанда айтатын үгітім мынау:
Әрқашан аңдағайсың,
Орынсыз өтірікке нанбағайсың.
Ойланбай алдау сөзге сене көрме,
Тегінде шынның жолын қамдағайсың.
Бұл сөз тұзақшының көңіліне ұнады. Құсқа жаны ашып ұшырып жіберді. Құс ұшып барып дуалдың үстіне қонды. Сол жерде екінші үгітін айтты:
Өткен іске өкінбе ыза болып.
Кеткен қайтып келмейді кейігенмен,
Құр жүдейсің ішіңе қайғы толып.
Одан кейін сөзін сабақтап:
Боламын неге тұтқын сендей шалға.
Бар еді он мысқылдай гәуһар тасым,
Айрылдың соны ала алмай алдағанға.
Мұны алсаң әлем асқан бай болушы ең,
Ала алмай өкініште қалдың зарлап, - деді.
Сонда тұзақшы қатты өкініп, ашу шақырып, әрі-сәрі күй кешті. Мұны көрген құс:
- Мен саған ешқашан «өткен іске өкінуші болма!» деген едім ғой!? Қолдан кеткен інжуге неге қайғырып отырсың? Сөзімді түсінбедің-ау шамасы?! Әлде кереңсіңбе?
«Орынсыз өтірікке нанбағайсың.
Ойланбай алдау сөзге сене көрме» деген сөзімді де тыңдамадың!?» Сосын сөзін жалғастырып:
- Ай, ақымақ шалым-ай, менің өзім кұртақандай ғана тіпті үш мысқылға татымайтын құс болсам, ішіме он мысқыл гәуһар тас қалай сияды?
Шал өз-өзіне келіп:
- Жарайды енді, үшінші үгітіңді айт! - деді.
- Иә! Екі үгітімді тыңдамаған адам, үшінші үгітті тыңдап жарытады деп ойламаймын, - дейді де ұшып кетеді.
 
Ғибратнама: Ғапылдыққа түскен сауатсызға үгіт айту - құнарсыз топыраққа дән еккенмен тең! Яки шөлге су құйғандай болады. Ақмақшылық пен надандықтың жыртқан нәрсесін, ешқандай нәрсемен жамай алмайсың! Ей, үгітші, ондай жерге хикметтің дәнін егуші болма!

http://gibrat.kz/

29 наурыз 2018 ж. 1 281 1

Гость JeaOrer от 5 ақпан 2019 20:58
Cialis Meccanismo D'Azione Pastillas Cialis Yahoo Buy Cialis Japan cialis for sale Zithromax Antibiotikum Clobetasol France In Internet Free Doctor Consultation Amoxicillin Dental Infections priligy canada Giardiasis Treatment With Amoxicillin Cialis 5 Mg Prix Cialis Under The Counter Purchase No Prescription Generic Flagyl In New Haven Baclofene Decontractant Musculaire levitra online pharmacy in usa fedex shipping isotretinoin tablets low price Kamagra 100mg Gel viagra No Prescription Pharmacy Clomid 50mg Achete Propecia Ganadores Prednisone For Dogs For Sale http://xzanax.com Lasix Furosemide Mail Delisvey Listino Propecia